Ұстаздан шәкірт озар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

лар , тақтаға бүгінгі күн мен тақырыпты жазайық.
Ұстаздан шәкірт озар деп не үшін айтылған . Оған қандай мысал келтіре аламыз. Күләш апай және оның оқушысы Асқар Жұмаділдаев.
ІІІ. Жаңа сабақ
Асыл шөп
Ыбырай Алтынсарин
Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахлап-ухлеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтты:
- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің?
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым,- деді Бәтима.
- Әй, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін ,-деді Злиха
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты: "сабыр" деген,- деді.
Бақша ағаштары
Ыбырай Алтынсарин
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.
Білгеннің пайдасы
Ыбырай Алтынсарин
Бір қарт ұста күні-түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: