Ұстаз - Ұлы тұлға

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жамбыл облысы, Талас ауданы,
Қаратау қаласы
Лицей мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Бисенова Гульжахан Пиримовна
Тақырыбы: Ұстаз - ұлы тұлға
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Білім беру, білімді қалыптастыру. Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қомай, оларға тың мәліметтер, беріп білімді қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.
3. Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, пікір талас.
Көрнекілік құралдар: Буклет, ұлағатты сөздер, ұлы ұстаздардың суреті (Ы. Алтынсарин, А. Батұрсынов).
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Мұғалім сөзі:
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев "Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты"деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.
Балалар өлең оқиды.
Ұстаз болу - жүректің батырлығ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: