Ұстаз болуда бір бақыт

Страницы: 1 | 2  >  >>

Амангелді орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Кусаинова Асия Ибрагимовна



Мен өзіме шынайы көшбасшымын

Қандай рақат, шын бақытын тапса адам-деп ақын жырлап өткендей , шынымен де, мен үшін "бақыт" деген тармағы кең ұғымның бір шеті осы ұстаздық мамандықпен ұштасып жатыр. Анығында "ұстаз" деген кім? Ұстаз - шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.
Алайда, өзімді, бүгінгі таңда, "керемет ұстазбын" деп айту астамшылық болар деп ойлаймын. "Ұстаз" деген ұлы атаққа ие болу үшін әлі талай маңдай тер төгіп, үздіксіз еңбектеніп,талай- талай белестерді бағындыру керектігін мойындаймын.
Ал, мен - заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары , үздіксіз ізденісте жүрген,жан-жақты дамып,қалыптасып келе жатқан қатардағы мұғаліммін.

Жаңа дүниені жатсынбай қабылдадым. "Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады", - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций.
Мұғалімнің білімі мықты болса, білім беру жолдарын қолданса, мұғалім өзі әр қашанда ізденісте болса оның оқушылары биік жетістіктерге жетеді. Білім алатын орта қалыптастыру, оқушының ішкі уәжін ояту, оған өзінің біліміне өзі жауапты екенін көрсету, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, алған білімнің күнделікті өмірде қажетілігін дәлелдеу - осындай мақсат қойған мұғалім оқушының қызушылығын арттады, білім алуға жетелейді. Өзіне сенімді, алған білімін өмірде қолдана алатын, өзінд

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: