Статья

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы Щербаков орта мектебі» КММ
Өтінім
Аты-жөніКенжебаева Балжан Яголеевна
МектепМәриям Хәкімжанова атындағы Щербаков орта мектебі
АуданАлтынсарин
Үйірме
Мақала атауыҚазақ тілі сабақтарында оқу іс-әрекетінің ерекшеліктері
Электронды поштаbalzhan-amantaimail. ru
Байланыс телефоны8-705-703-45-65

Қазақ тілі сабақтарында оқу іс - әрекетінің ерекшеліктері
Кенжебаева Балжан Ұяғалиқызы
«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы Щербаков орта мектебі» КММ
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы. Тіл – халықтың жаны, ұлтымыздың құжаты. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Мемлекеттік тіл – халықтың барлық мұқтажын, өнер, мәдениет, радио, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, шаруашылық, ресми іс-қағаздарды т. б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қуатты қолданыс құралына айналуы қажет. Оқушылардың тәрбиесі мен білім деңгейінің жоғары болуы, сауаттылығы, қазақ тілін меңгеру, түсініп оқуы мен қатесіз жазуына байланысты екендігін көрсетеді.
Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай – ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады.

D


Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: