Құстардың қысқы тіршілігі

Страницы: <<  <  1 | 2

сіңдер?
-Құстардың қандай пайдасы бар?
-Біз құстарға қандай көмек бере аламыз?












Сергіту сәті "Құс болғым келеді"
Қане, қанат жазайық, қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық.
Сауысқан болып секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.
Тәрбиеші балаларға суреттің көмегімен тыйым сөздерді айтады.
Тыйым сөздер
Құстардың балапанына тиіспе!
Құсқа тас лақтырма!
Құстардың ұясын бұзба!
Дидактикалық ойын "Жадында сақтап көрші"
Тәрбиеші балаларға қыстайтын құстардың суреттерін көрсетеді. Екі минут ішінде осы суреттерді есте сақтауды сұрайды, кейін кейбір суреттерді алып тастап, қай сурет жоқ екенін атап беруін сұрайды.
Дидактикалық ойын "Пішіндерді сәйкестендір"
Қарғаның балапандары геометриялық пішіндерді үйреніп отыр. Әрқайсысының тұмсықтарында ұстап тұрған пішіндерге ұқсас заттарды табуға арналған тапсырмасы бар. Оларға осы заттарды табуға көмектес. Пішіндерді әр түсті сызықтар арқылы заттармен қос. Әрбір фигураның атын ата.
"Жыл құсы ма, қыстайтын құс па?" дидактикалық ойын
Тәрбиеші балаларға құстардың суреттерін іліп қояды. Балалар жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажыратып, екі топқа бөлулері керек.
Ойлан да аяқта
Ат шабады, ал қарлығаш. . . (ұшады).
Ит үреді, ал қарға. . . (қарқылдайды).
Мысық мияулайды. . . тоқылдақ (тоқылдайды).
Қой маңырайды. . . торғай (шиқылдайды).
Түйе боздайды, ал жылқы. . . (кісінейді) т. б.
Тәрбиеші сабақты аяқтап, тақырыпты қорытындылайды. Балаларды мадақтап, балалардан сабақтан алған әсерлерін сұрайды.





Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: