Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы:Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: жыл құстары мен қыстайтын құстар туралы түсіндіру. Қыстайтын құстардың қыс мезгіліндегі тіршілігі жайлы мәлімет беру. Сабақ үстінде емін-еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе білуге үйрету. Құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: жыл құстары мен қыстайтын құстардың суреттері.
Сөздік жұмыс: жыл құстары, қыстайтын құстар.
Билингвалды компонент: құс-птица, жыл құсы-перелетная птица, қыстайтын құстар-зимующие птицы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Мозаика шешеміз.
Тәрбиеші балалардың алдына шатастырылып қойылған бір құстың суреті бар қиықтарды береді.
-Балалар мен сендердің алдыларыңа мозаикаларды шатастырып қойдым. Сендер шешімін тапсаңдар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашасыңдар.
(Балалар шешімін табады).
-Балалар бүгін біз қыстайтын құстар жайында әңгімелесеміз.
-Қазақстан жерінде әртүрлі құстар көп. Кейбір құстар қыста бізбен бірге қыстап, кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді де көктем мезгілінде қайта ұшып келеді. Көктем кезінде ұшып келетін құстарды жыл құстары деп, ал қыста қалатын құстарды қыстайтын құстар деп айтамыз.
Тәрбиеші қыстайтын құстардың суретін көрсетіп,атайды: торғай, сауысқан, құр, тоқылдақ, қарға, көкек. Ал жыл құстары:қарлығаш, қараторғай, ұзақ.
Қыстайтын құстар
Жыл құстары
-Балалар қыс мезгілі өте суық болады. Жердің бетін қар басады. Құстарға қыс мезгілінде азық табу қиынға түседі. Бұл кезде құстар адамдарға жақын болады. Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы көп. Олар егінді, ағаштарды, бау-бақшаны қорғайды.
-Балалар қандай құстарды біле
Страницы: 1 | 2 > >>