адамдар қарлығаштан үйренген.
Қараторғай-өзі кішкентай,өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келсімен,күннің көзі ашылып,күн жылынады.
Аққу-30-40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Ол киелі құс.
Тоқылдақты - халық орман емшісі деп атайды. Ол ағаштызиянды құрт-құмырсқадан тазартады.
Жұмбақ шешу:
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды
Көктем жұлдыз аққандай
(Қарлығаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт,қоныз,аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)
Сұрақтар:
Қандай жыл мезгілі?
Көктем айларын ата?
Адамдар көктемде қалай киінеді?
Білетін құстарды ата?
Орман дәрігері?
Қандай құс адамға дос?
-Кім құстарға арналған тақпақ оқиды?
Ерназар: Құртты іздеп ініне
Қарағайды үнгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
Ботагоз: Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
"Мақал-мәтелдер"
Бұлбұл үнді,жылап тілді.
Құс қанатымен ұшады,
Құйрығымен қонады.
Ит тамағы үшін жүгіреді.
Құс тамағы үшін ұшады
Халқымыз құстардың келеуіне,кетуіне қарап болжамдар жасаған:
:: Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
:: Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді
:: Шағала келсе,сең бұзылады.
:: Шамшық ұя салса, қыс қатты болады.
Қорытынды.
-Қымбатты балалар құстар - біздің досымыз,оларға қамқор болайық,ұя жасау қарсы алайық.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталады,назарларынызға рахмет!!!
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>