Құстар біздің досымыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ақмола облысы
Бұланды ауданы
"Балдырған" мектеп-балабақшасы




Тәрбие сағаты

Тақырыбы:
"Құстар біздің досымыз. "


Тәрбиеші: Тастубаева А. С.
"Толағай" тобы


2014 ж.

Тақырыбы : "Құстар біздің досымыз"
Мақсаты: Қөктемнің ерекшелігін байқату,құстардың тіршілігі туралы баяндау, құстар туралы түсінік беру Балалардың сөздік қорын,сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту. Құстарды қорғау,оларға тиіспеуге,ұя жасап қарсы алуға, аң-құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Құстардың суреттер, ұя.
Әдіс-тәсілдер: Жумбақ,тақпақтар,сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер
Сабақтың барысы:
-Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Сіздерді көнілдеріңізге жылы шуақ,ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Құстар,құстар келеді
Жерді шұға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді
Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған "Құстар біздің досымыз" атты тәрбие сағатына кош келдіңіздер.
Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Қуанта бер көктем
Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып адамдардың көніл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек. Жыл құстары дегеніміз- салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп,көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек,қарлығаш,аққу,қараторғай,бұлбұл,тоқылдақ,үйрек т. б.
Қарлығаш-адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің,ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. Қарлығаш адамға саулық,жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: