Тақырыбы: "Құстар - біздің досымыз!"
Мақсаты: Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау. Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: интерактивті тақта, слайдтар.
Әдісі: әдеби-монтаж,түсіндіру
Өткізілу барысы:
1-бөлім "Құстар - біздің досымыз!"
2-бөлім "Құстарға ұя жасайық!" ойыны (Жұмбақтар шешу)
3-бөлім "Артық болмас білгенің" (Халық болжамдары)
4-бөлім "Құстарға қамқор бол!" (Ситуациялық сұрақтар).
Құрметті ұстаздар, ата-аналар. Қадірменді оқушылар! Хош келдіңіздер!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған "Құстар - біздің досымыз!" атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек. Жыл құстары дегеніміз - салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстар: көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
Жыл құстарының кейбірінің тіршілігі туралы әңгімелейік. Мысалы:
(Слайд арқылы көрсету)
Қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар, әні құлаққа жағымды. Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
Қараторғай - өзі кішкентай,өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>