Құстар – біздің досымыз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

сімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған.
Аққу - 30-40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.
Тиым сөздер
1. Құстың ұясын бұзба,
Жұмыртқасын жарма.
2. Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.
3. Аққуды атпа.

Әдеби монтаж:
Құстар-біздің досымыз,
Шырқап, әнге қосамыз.
Құстар-біздің досымыз,
Көктем айын тосамыз.
Сәуір келді,
Тірлікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды,
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
Тірлікке жан кірді көктем кеп,
Айнала, сай-сала көкпеңбек,
Диқанның арқасы босады.
Қытымыр қысымыз өтті деп.
Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Аймақтың көз жіберші келбетіне.
Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнімен
Сайрайды гүлді көктем құрметіне.
Құстар,құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.
Құстар тойын қаарсы алып,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап ағаштан,
Біз оларды қорғаймыз.
Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп,
Көрікті көктем келді.
Самалына нұр есіп.

Көктем:
Сәлем, достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат шадыман көктеммін,
Шаттық болсын әманда.
Ән құрадым үніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуант

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: