андай бұйымдарды білесіндер? (сырға,сақина,т. б. )
Ендеше, балалар біз бүгін С дыбысы мен әрпі туралы тереңірек танып, білеміз. 
IV. Тақтамен жұмыс
Оқулықтағы тұтас сөздерді тақтадан оқытып, буынға бөліп, мағынасын түсіндіру. 
Сай -- 1буын, су ағатын жыра. 
Сайман-2буын, еңбекке қажетті құралдарды айтамыз. 
Су-1буын, тіршілік нәрі. (сусыз өмір сүре алмаймыз)
Суат-2буын, малдың су ішетін жері. 
Аспан-2буын, ашық аспан, табиғи дене. 
Аспап-2буын, музыкалық аспаптар. (гитара, домбыра, қобыз, т. б. )
Саусақ-2буын. адамның дене мүшесі. 
(саусақпен біз қаламды ұстап әдемілеп жазамыз)
Саумал-2буын, әлі бабына келіп аши қоймаған бие сүті. 
Асқар және Асхат-2буын, адам аттары. 
V. Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы мәтінді көрнекілік арқылы таныстыру. 
1. Мәтін дегеніміз не?- Мәтін екі не одан да көп сөйлемнен құралады. 
2. Мәтіннің несі болады?- Мәтіннің тақырыбы болады. 
 "Саймандар" деп аталатын мәтінді оқып таныстыру. 
 Саймандар
Балға -- сайман. Балта -- сайман. Ара -- сайман. Балға, балта, ара саймандар. 
Атамда балға да, балта да, ара да бар. 
- Оқулықтан бір-екі балаға оқыту. 
3. Мәтін неше сөйлемнен құралған?-5сөйлемнен құралған, мәтін азат жолдан жазылған. Әр сөйлемнен соң нүкте қойылған. 
VІ. Сергіту сәті
Әдемі әтеш
Таң атпай тұрыпты. 
Жан-жаққа қарапты. 
Айдарын тарапты. 
Ойқастап жүріпті,
VІІ. Дәптермен жұмыс
Дәптерге сөздік диктант жазу, тексеру. 
Қатесіз, таза жазылған оқушының жұмысын мадақтау. 
- Су, бас, маса, сай. 
VIII. Сабақты қорытындылау
Мозаика құрастыру. 
Мозаиканы дұрыс құрастырсақ С дыбысының элементін жазамыз. 
1. "С" дыбысын қай сандыққа салдық? -- көк
2. "С" дыбысы қандай дыбыс?
		Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>
