ұлттық өнер иконаларында кездестіруге болады. Мысалы, қазақтың ұлттық кестесі «құрақта». Ал бұл жерде сіз жаңа ақпаратты бұрын алған білімдеріңіздің басты негізіне салып отырасыз.
Сабақ барысы:
Бүгін біз келесі экономикалық ауданды меңгереміз, одан бұрын өткен тақырыпты қайталаймыз. Бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасаймыз. Әр топтың мақсаты топпен ойлау, толық сауатты жауап беру, әр түрлі білім көздерін пайдалан отырып, қорытынды жасау. Жоғары деңгейлі жұмыс көрсету үшін әрқайсысы өзінің жауапкершілігін сезіну керек. Мен сіздердің белсенді, бір біріңізге көмектесе жұмыс істегендеріңізді көргім келеді. Бір мәселе туындаса, топ болып шешуге тырысыңыздар. Сіздердің жұмыстарыңыз түрлі түсті карточкалармен бағаланады.
Сарғыш карточка— сізге толық, дұрыс жауап бергендеріңізде, сонымен қатар географиялық объектілерді дұрыс көрсеткенде беріледі.
Ақшыл көк карточка— толық емес жауап және картадан нақты көрсете алмаған жағдайда беріледі.
Жасыл карточка— жауап болмаған кезде және карта білмесеңіз беріледі. Мұнымен айтарым: қай топ көбірек сарғыш карточка алса, бағалары жоғары болады. Әр топтан екі адамнан шығып жеке жұмыстар алады, ал қалғандары менімен жұмыс жасайды. Ал іске сәт!
Ой сергіту.
О каком экономическом районе идет речь «Ол Нұра мен Сарысу өзендерінің ағынсыз бассейнінде, көне елдің шегінде орналасқан» қай экономикалық аудан туралы айтылады? (Орталық Қазақстан) Көрсету.
Бұл экономикалық ауданға неше облыс кіреді? (1, Қарағанды)
Қазақстандағы көлемі жағынан ең үлкен экономикалық аудан? (Батыс Қазақстан) Көрсет.
Батыс Қазақстанның ең басты байлығы? (Мұнай)
Қазақстанның қай ауданы толығымен таулы аймақта орналасқан? (Шығыс Қазақстан) Көрсет.
Урбанизация жөнінен Шығыс Қазақстан нешінші орын алады? (соңғы,бесінші)
«А
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>