жеміс: қияр, қызанақ, қара жидек, қызылша, алма, бүлдірген.
2. Аялдама - "Жер астында"
Оқушы "Жер асты мүшесі" қарсы алады, тапсырма береді:
а) оқулықтың 75 беттегі тақырыпты оқып, тамырсабақ арқылы көбейетін өсімдіктер түрлерін атау (жауқазын, бақша пиязы, қазжау).
3. "Зертхана" аялдамасы
Тамырсабақ арқылы көбейетін өсімдіктерге арамшөптер жатады.
Мысалы: жазда сендер бау - бақшада арамшөптерді жұлсаңдар, бірақ 3 - 4 күннен кейін барсаңдар, сол жерге тағы да шөптер өсіп тұрғанын көресіңдер, өйткені олардың жер астында тамырлары қалып қояды екен.
ә) Картопты алып көзшелерін санайық, ендеше осы әр көзшеден жаңа өсімдік береді екен (кесіп көрсету).
б) Пиязды алып қарау, сыртындағы құрғақ қабыршағы және ішінде бірнеше шырынды қабаты бар (кесіп көрсету).
Дәптермен жұмыс: (36 бет)
1 - тапсырма:
Өсімдіктердің көбею жолдары
2 - тапсырма:
Өсімдіктер жер үстіндегі бөліктерінен де көбейеді
3 - тапсырма: Мысал келтіру
4. "Білгенге маржан" аялдамасы көрініс
Қараторғай:
- Әй мешкейлер! Сендер жарбиып жата бергенге мәзсіңдер! Ештеңе көріп, ештеңе естімейсіңдер. Ал мен болсам, жарық дүниенің жартысын шарлап келдім. Бармаған жерім жоқ: Үндістанды, Африкада, Жерорта теңізінде де болдым.
Картоп: - Сол сөз болып па? Сенен басқалар жер көрмеп пе? Мысалы менің туған жерім - Оңтүстік Америка. Бұдан 500 жыл бұрын испандықтар Оңтүстік Америкаға келіпті. Олар тамақ іздеп жүріп, мені тауып алады, саңырауқұлаққа ұқсайды екен, өзі өте дәмді деп "тартуфоли" деп атап, бір қапшықты толтырып Испанияға ала келеді, одан Италияға, содан Францияға жеттік. Ал Россияға Петр І патшаның тұсында келдік. Сөйтіп, қараторғайым, мен де саяхатшыдай жер жүзін шарладым және тағы да бір қас
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>