"Шынықсаң шымыр боларсың"
(эстафеталық жарыс)
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Балаларға өз қабілеттерін, ептіліктерін оятуға мүмкіндік беру. Өзінің қимылдық тәжірибесін пайдалану; алғырлығын, шапшаңдығын, күштілігін, төзімділігін дамыту; Балалар арасындағы мейірімділік, достық қарым-қатынасты арттыру. 
Көрнекі құралдар: 2 есек, 2себетке шырша бүршіктері. 
Сазды әуенмен балалар залға кіріп шеңбер жасап тұрады. 
 
 Тәрбиеші: Еріншектен салақтық
 Салақтықтан надандық,
 Бірінен - бірі туады
 Жоғалар сүйтіп адамдық
 Еріншек таза жүре алмас,
 Кір қолында жуа алмас. 
 Қарекет жоқ, ғалым жоқ
 Өз бойынан ұялмас- деп
Шәкәрім атамыз айтқандай бүгінгі "Шынықсаң - шымыр боларсың" ,-деп аталатын эстафеталық жарысымызды бастаймыз. 
 
 
Жан-жақты дамыту жаттығулары. 
Бір қатармен жүру,жүгіру,екі қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру,
Мұнан соң балалар шеңбер жасап тұрып ,негізгі жаттығуларды жасайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жан - жақты дамыту жаттығулар:I -Бастапқы қалып: аяқты бірге, қол төменде. 1 - қолды жоғары көтеру. 2 - оңға, 3 - солға сылдырлату, 4 - бастапқы қалып. 3-4 рет қайталау. II - Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол төменде. 1-отыру, 2- сылдырмақты тізеге ұру, 3 - шыдырлату, 4- қалыпқа оралу. 4 - 5 рет қайталау. III - Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол жанында 1 - 2 алға қарай сермеу, 3 - 4 артқа қарай сермеу. 4 - 5 рет қайталау. IV -- Бастапқы қалып: аяқтың арасы ашық, қол төменде. 1- қолды созу, 2- аяқты ұшына тигізу, 3- бастапқы қалыпқа оралу. 4 - 5 рет қайталау. V -- Бастапқы қалып: аяқты бірге қойып. Қояндарша қос аяқтап секіру. 
 Құрме
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
