Шығармашылық қабілеттерін дамыту

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

нуға болады.

Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрінде қолдануға болады. Мысалы,"Керісінше айт" ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы, т. б.
"Ұқсастық пен айырмашылық". Оқушыларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына өздеріне таныс заттар: сүт пен су, сиыр мен жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады). Ересек балаларға тапсырманы күрделі түрде: таң мен кеш, табандылық пен қыңырлық т. б. Дұрыс жауаптар, қателіктер, ұқсастық пен айырмашылық ара қатынасы, басым белгілер т. б айқындалады.
"Басқа қырынан таны". Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып, жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Оқушыларға қарапайым заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т. б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады. Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыруға да болады.
"Ұқсастықтар іздеу". Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, "тікұшақ". Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу. Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, "құс", "көбелек" (ұшады, қонады), "автобус", "поезд" (көлік) т. б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған.
"Заттың қолдану тәсілдері". Жақсы танымал бір сөз беріледі, мыс: "кітап". Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады т. с. с. сондай-ақ, тіс щеткасы, тоқым

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: