мытуға арналған тапсырмалардан беруді жөн көрдім. Оқушылардың қажетті мәліметтерді есте сақтап, сабақта қолдана алу қабілеттерін дамыту үшін "Зерттеу, талдау" әдістемесін пайдаландым. Қолдауды қажет ететін оқушылар үшін қысқартылған мәтін және қарқыны жоғары оқушылар үшін /зерттеулері, себебі, уақыты, аймағы,ғылымға қосқан үлесі көрсетілген/ тірек- сызба, кестелер дайындап қолдау көрсетемін. Бұл тaпcырмaны топ aрқылы тaлдaйды, зeрттeйдi, caрaлaйды. Топпен жұмыс оқушыларды бірлесіп жұмыс орындауға , тақырыпты талдап, өзара ойларын бөлісуге және әр оқушының пікірін тыңдап, құрметтеуге дағдыландырады. Сонымен қатар бұл әдіс негізінде оқушының тыңдалым, айтылым дағдысы қалыптасып қана қоймай негізгі дерек көздерін нақты дәлелдеп айтуға,есте сақтауға,өзіндік ой түюге және ойын ашық жеткізе білуінен әдістің тиімділігін көруге болады.
Сабақтың соңғы ой қорыту бөлімінде жeкe жұмыc ПОПС әдісін ұcындым. Бұл тaпcырмa арқылы оқылым және жазылым дағдысы жүзеге асырылып, оқушылар ойлау қабілетін,сөздік қорын ұлғайту,шығармашылығын дамыту,алған білімдерін жинақтап, өз көзқарасын жүйeлi әрi дәлeлдi eтiп қорытып жеткізуге мүмкіндік алады. Тиiмдiлiгi тапсырманы орындау барында барлық оқушылар өз ойын қысқаша айтумен шектелсе, оқушылардың басым бөлігі өзіндік көзқарастарын тарихи фактілермен дәлелдейді, ал қабілеті білім алушылар қорытынды шешімдерін өмірмен байланыстыра алады.
Мәліметтерді саралауға, дәлелдеп айтуға есте сақтауға, өзіндік ой түюге және ойын ашық айтуға қол жеткіземін.
Тапсырмалардың орындалу нәтижесіне қарай деректерді негізге алып, дәлелді аргументтер арқылы өз ойын жеткізіп, үздік жауаптар берген жекелеген оқушылар ескеріліп жоғары бағаланады. Берілген тапсырмаларды орындаудан кейін әрбір оқушыны қадағалаудан тыс қалдырмай қолдау көрсеті
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>