Шоқан Уалиханов- алғашқы қазақ ғалымы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мектебі: Мұнайлы ауданы
"Қызылтөбе лицейі"КММ
Күні: 25. 04. 2018ж. Мұғалімнің аты-жөні: Koйбагарова Роза Абзаловна.
Cыныбы: 8а сынып Қатысқандар:21 Қатыспағандар:1
Сабақ тақырыбы
Зерттеу сұрағы
Шоқан Уалиханов- алғашқы қазақ ғалымы
Неге С. Мұқанов Шоқан Уалихановқа арналған шығармасын "Аққан жұлдыз" деп атады?
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
7. 2. 3. 1. Шоқан Уалихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Ш. Уәлихановтың жеке тұлға ретінде қандай адам болғанына сипаттама жасайды;
Басым бөлігі: белгілі ғалым ретінде нені зерттегенін, қандай рухани мұра қалдырғанын анықтайды;
Кейбір оқушылар: С. Мұқанов Шоқан Уалихановқа арналған шығармасын "Аққан жұлдыз" деп атау себептеріне баға береді.
Ойлау дағдылары
Қолдану, талдау, жинақтау.
Бағалау кpитерийі
Ш. Уәлихановтың жеке тұлға ретінде қандай адам болғанын кесте арқылы тізбектей алады;
Шоқанның белгілі ғалым ретінде нені зерттегенін, қандай рухани мұра қалдырғанын топта жұмыстану арқылы зерттейді,
С. Мұқановтың "Аққан жұлдыз" шығармасын талдай отырып, ПОПС әдісі арқылы тақырыптық аталу себептерін бағалайды.
Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Кадет, корнет, адъютант, провинция, декабрист, патриот,этнограф, очерк, т. б.

Тілдік дағдылар:
Тыңдалым дағдысы - бейнебаянмен танысу,
Жазылым дағдысы - кесте толтыру,
Айтылым дағдысы - сұрақтарға жауап беру,
Оқылым дағдысы - шығарманы оқып, пайдалану.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Ш. Уәлихановты "Аққан жұлдызға" теңейміз. . .
Құндылықтарға баулу
Еркіндік, теңдік, ұлттық ой-сана, патриотизм, жалпы еңбек

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: