ғой. Бұдан былай ол менің сөзіме сенбейді ғой,-деді.
Шыңғыс Шоқанға ойлана қарады да:
Ә, жарайды, бар. Екі айтпаған жақсы,-деді.
Шыңғыстың өңінде баласына іштей разыланған ажар бар еді.
2
Шоқан құйғыта шауып құдық басына келгенде, Мысық алдынан қарсы шықты. Ол қолына ұстаған жаңа мүсіндерін жоғары көтере көрсетті:
Міне, Шоқан, істеп қойдым. Мен сені келмей қалар деп ем!. .
Жоқ, мен айттым ғой келемін деп, неге келмеймін. Уәде етпеу керек, уәде еттің - орында. Міне, сен де кеше уәде еттің, айттың, орындап, тосып отырсың, - деп, Шоқан досына өзінің әдетін түсіндірді.
Мысықтың бұл мүсіндерді құстың (қаршығаның) тұлғасын бейнелепті және пәуеске арбаның бейнесін жасапты.
3
Жаңадан көргенін, жаңа нәрсені тез танығыш Мысықтың зеректігі Шоқанға сондай ұнады. Мына жасаған мүсіндерді әлі тобарсымаған, босаңдау екен. Қолына алып, ұстап көрді де:
Сен мүсіндерді күн көзіне қойып тобарсыт, қазір алуға әлі жас екен. Мен саған ертең келем,- деп, Шоқан үйден Мысыққа алып шыққан қант, бауырсақтарын берді.
Жарайды, тағы да көп қылып істеп қоям, - деп Мысық бауырсақтан бір-екеуін аузына тоғытып жіберіп, жымыңдап қойды. Шоқан құнанына міне салып, Айғаным аулына қарай құйғыта жөнелді.
4
Ауыл күзектен көшер алдында Шоқан Мысықтың еркіне қоймай үйіне ертіп келді. Күздің салқын күнінде аяғында етігі жоқ, үстіндегі шапаны далбаланған Мысық жағынан боздағы шығып тоңып жүр екен. Жаны ашып кетті. Апасына еркелене:
Мына Мысыққа менің ана қоңыр шапанымды, жеңіл етігімді беріңізші, кисін,-деді.
Ә, Шоқанжан, осы баланы өзіңе дос қылып алдың ғой. Жарайды, көңілің түскен екен, алсын, - деді сары бәйбіше.
5
Киімдерін бүктеп қолына алған Мысықты Шоқан ертіп үйден алып шықты. Мал шетінде жатқан иттерден қор
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>