жақсы оқимыз
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықтыояту. слайд
Әр топқа төрт түрлі сурет беріледі
1 топ: мысық пен иттің достығы
2 топ: екі баланың суреті
3 топ: мүсіннің суреті
4 топ: мүсіншінің суреті
5 топ: суретшінің суреті
Тапсырмалар:
Топта талқылау 1 мин
(суреттерге ат қою, не туралы екенін айту) 2 мин
- Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болу мүмкін?
- Бүгін біз өздерің жақсы білетін Шоқан Уәлихановтың мүсінші досы туралы білгілерің келе ме? Олай болса, біз бүгін Шоқан Уәлихановтың балалық шағы жайлы жазылған Сапарғали Бегалиннің "Бала Шоқан" шығармасынан үзіндімен танысамыз. Бірақ бастамас бұрын, Шоқан Уәлиханов туралы оқығанымызды есімізге түсірейікші.
Сапаргали Бегалин "Бала Шоқан" кітабынан үзінді "Оқуға құмарлық"
Мағынаны тану
ДЖИКСО әдісі. Оқушылар бес жанұяға бөлінеді. Әр жанұядағы мүше 1-5-ке дейін нөмірленеді. Сол нөмір бойынша жұмысқа барған тәрізді бірінші нөмірлер жеке, екінші нөмір т. б. жеке жиналып мәтінмен жұмыс жасайды. Мәтінді алдын ала 5 бөлікке бөліп алып, әр топқа беріледі. Әр бөліктен кейін талдау жұмыстары орындалады. Әр қатар өз мәтінін оқып, мазмұнын айтып, абзац бойынша жоспар құрады. Содан кейін әр мүше өз жанұясына оралады.
Топтық жұмыс
Әр бөлімді оқығаннан кейін ауызша жоспар құру.
1
Әкелерімен қабаттаса атқа мінген Шоқан кешегі Мысыққа айтқан уәдесі бойынша құдық басына тартты. Шыңғыс баласының жалғыз кетіп бара жатқанын көріп, шақырып алды.
Сен жалғыз қайда бара жатырсың?-деп себебін сұрады.
Атеке, кеше Мысыққа, әлгі мүсінші балаға, келем деп уәде бергем. Соған барам.
Кейін - ақ бармайсың ба, немене, ол бір жаққа кетіп қалар деп пе едің?-деген әке сөзіне:
Уәде айтып, артымнан алдасам, ұят болады
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>