Шоқ жұлдыздар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Шоқ жұлдыздар»
Мақсаты:1. Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету,толықтыру.
2. Оқушылардың өз бетімен ,топпен жұмыс істеу бірлігін және ойлау қабілетін дамыту.
3. Өзін-өзі басқаруға жетелеу.
Түрі: Интеллектуалды ойын
Көрнекілігі: проектор, ғалымдар сөздері,плакат.
Жоспары:
1. Шараға қатысатын оқушыларды және әділқазылар алқасын таныстыру
2. «Бәйге» бөлімі
3. «Жеті жұмбақ» бөлімі
4. «Полиглот»бөлімі
5. «Жорға» бөлімі
6. Қорытынды
Барысы:
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар,шақырылған қонақтар! «Шоқ жұлдыздар» атты математикалық сайысымызға қош келдіңіздер. Сөз кезегін жүргізушілерге береміз.
1-жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанғансын,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен, қаталдансын.
«Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән –математика атанғансын!-деи келе ортаға «Шоқ жұлдыздар» ойынына қарысушыларды шақырамыз.
2-жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірік шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын 1 – бөлімін бастаймыз. Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1-жүргізуші:
1- сұрақ: Геометрия сөзі грек тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді? ( Жер өлшеу )
2- сұрақ: Алгебра сөзі кандай сөзден шыққан? («Әл жәбр» деген сөзден шыққан )
3- сұрақ: Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? ( Әл – Фараби )
4- сұрақ: Статистикалық сипаттамалардың ең қарапайым түрлерін ата? ( Арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода, медиана).
5- сұрақ: Түмен қай елдің сөзі және қандай санды көрсетеді? (Түрік сөзі , 10000).
6- сұрақ: Дұрыс көпбұрыштың анықтамасын бер. ( Барлық бұ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: