рыштары және барлық қабырғалары тең дөңес көпбұрыш).
7- сұрақ: Самарқандта үлкен обсерватория салған, «Білім алу - әрбір мұсылманның басты парызы » дегенді айтқан кім ? (Ұлықбек).
8- сұрақ: Аспанда 6 құс ұшып барады, аңшы екеуін атып алды. Неше құс қалды? ( 2 құс қалды, қалғандары ұшып кетті).
9- сұрақ : 50-ді 2-ге бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай болады? (28)
10- сұрақ: Мектепте оқытатын «Геометрия» пәнінің негізін салушы кім ? (Евклид).
2-жүргізуші:
Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің өзі жеті бөлікке бөлінген. Таң сәрі, сәске (кіші сәске,ұлы сәске) түсі, бесін (кіші бесін,ұлы бесін), қызыл іңір. Аптада жеті күн бар. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктер. Қазақ халқында 7 саны киелі болып саналады. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-ші күні жасалады. Білімділер кісіні «жеті жұрттың тілін біледі» дейді. Көкті жеті қабат, жерді жеті қат дейді. Тіпті, «жұт жеті ағайынды» деген сөздің өзі де тұрмыстық жағдайдан келіп туындайтын байланыс.
1-жүргізуші:
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» мен «Жеті қазына» деген атаулардағы жетілік санның тектен–тек тумағандығы айқын. Басқа-басқа, қауіп-қатерден аман қалған адам үшін жеті шелпек пісіріліп жатуы да немесе садақаға 7 түрлі нәрсе таратылуы да наным-түсініктен ғана тумаған құбылыс екен. «Жетіге келгенше, жерден таяқ жейтін» нәрестеге өсе келе «қазақтың жеті атасын білмеген - жетесіз» деген даналық тұжырым жасауы ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.
«Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін
Есеп – қисап, сан цифр термек үшін
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін »- деп ойынымыздың «Жеті жұмбақ» деп аталатын 2- бөлімін бастаймыз. Осы бөлімнен кейін ұпайы төмен бір оқушы ойыннан шығады.
2-жүргі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>