шөлейт зонасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

оңтүстік шекарасы 48С с. е. бойымен өтеді.



Климатолог Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады. Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22-24С, кейде ыстық 40С-қа дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады. Қаңтардың орташа температурасы -15-17С, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50С) байқалады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді.



Ботаник Өсімдіктері
Шөл дала зонасында даланың әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан,түймедағы, боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей жерлерде жусанның арасында изен, ебелек, теріскен, көкпек өседі. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды жерлерде ши өседі. Ұлытау, Ортау, Бұғылы, Қызыларай, Шыңғыстау және т. б. жоталардың аңғарлары арасында әр түрлі шалғын шөптер көп өседі. Бұл таулардың беткейлерінде қайың, көктерек және қарағай шоқ ормандары кездеседі. Бұлардың арасында долана, мойыл, итмұрын, қарақатжәне таңқурай өседі.



Гидролог Тұрақты ағатын ең ірі өзендері - Ойыл, Жем, Topғай, Сарысу, Аягөз. Шөлейт зонасында 3000-нан астам көлбар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады.



Зоолог Жануарлары
Дала мен шөлде кездесетін шөлейт жануарларынан сарышұнақ,қосаяқ, құм тышқаны, құм қояндары сасық күзен, қарсақ, түлкі,қасқыр мекендейді. Сонымен бірге онда күзен және түлкі бар. Құстардан бүркіт, бозторғай кездеседі. Бір кездерде жер қайыстырған ақбөкендер мен қарақұйрықтар қазіргі кезде некен-саяқ қана кездеседі. Шөлейтт

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: