Шөлдің өткінші көктемі шегіне жетіп, құм қызған уақытта жыңғыл сексеуіл түбіндегі індікештерінен шыққан, уылжып тұрған шөптесін өсімдіктерді құмарта үзіп, күш жинай бастайды. Қауіп төнгенде әжімделген мойнын, қатпар-қатпар аяқтарын ішіне тартып алғанда не істеріңді де білмей қаласың.
Күн өткен сайын тасбақалардың белсенділігі арта бастайды. Ал, көбею кезеңінде ұрыс даласындағы бронды техника іспетті, сауыттарымен сартылдата соғысып жатқаны. Жеңгені, әрине, "қалыңдыққа" ұмтылады. Ол өз бетімен тоқтамаса, алдын кес-кестеп, аяғынан тістеп, тіпті тасқабығымен соғып, аударып тастауға дейін барады. Көп ұзамай (1-1. 5 ай) аналықтары құм төбелердің күнгей бетінен ыңғайлы орын таңдап, жұмыртқаларын (5-6 дана) көміп кетеді. Жылы күздің орта шенінде кішкене тасбақалар жарып шығып, тіршілік заңы қалтқысыз жалғасады. (тасбақалар (степная черепаха))
3)Саяхат. Не көргеніңді баяндап бер. (бейнефильм)
V. Қорытынды: тест
1. Шөл зонасындағы өзен аңғарларында әр түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар:
A) Тасты шөл
B) Құмды шөл
C) Тақыр
D) Тоғай
E) Ну орман
2. Қазақстан аумағы табиғат зоналарында орналасқан
А) Ылғалды экваторлық, Тайга, Сельвас
В) Тропиктік шөлдер
С) Саванналар,Кампос,Льянос
D) Орманды дала, дала, шөлейт, шөл
Е) Арктикалық шөлдер
3. Орманды дала зонасында өсетін ағаштар
А) Бал қарағай, шырша
В) Сексеуіл, жыңғыл
С) Қайың, көктерек
D) Шырша, қарағай
Е) Май қарағай, тобылғы
4. Шөлейт зонасының негізгі топырағы
А) Қара топырақ
В) Қызыл қоңыр
С) Қоңыр
D) Ашық қара қоңыр
Е) Қызғылт
5. Қазақстан аумағының 44-н алып жатқан табиғат зонасы
А) Орманды зона
В) Дала зонасы
С) Орманды дала зонасы
D) Шөл
Е) Шөлейт
VI. Үй тапсырмасы:
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>