Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Страницы: 1 | 2  >  >>

: Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Мақсаты: Шөл өсімдіктері мен жануарлары жайлы түсіндіру . Теориялық ойлауын, сөздік қорын, табиғат құбылыстарының ұқсас болатыны ,ерекшелігі туралы ойын дамыту.
Табиғатқа жанашыр, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,көрнекілік,сұрақ-жауап, талдау, жинақтау
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу.
-Шалғынды аймақ пен далалы жердің өсімдіктері мен жауарлары тіршілігіндегі ұқсастық пен айырмашылық туралы не айта аласыңдар?
-Бөдене тіршілігі мен суыр тіршілігі жайлы не білеміз?
Оларды қорғаудың қандай маңызы бар?
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлауШөл өсімдіктері мен жануарлары.
ІV :Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Кіріспе: шөл дала дегенде көз алдарыңа қандай дала елестейді? Шөл даланың өсімдіктері ,жануарлары туралы не білесіңдер?Осы сұрақтарға жауап алғаннан жаңа сабақты түсіндіру.
Шөл -- суға тапшы аймақ. Оның ауасы, топырағы құрғақ,өсімдіктері селдір,сирек болып келеді. Шөл -- құмды,сортаңды,сазды,тақыр,тастақты шөлдерге ажыратылады.
Құмды шөлдер жазықты жерлердің борпылдақ тау жыныстарының үстінде қалыптасады.
Құмды шөлдерді өсімдіктер тоқтатып ,бекітеді. Олар селеубояу, құм қияғы,жүзгін,домалақ кірпіге ұқсас құмаршық,ақсексеуіл. Теңіз табанды жазықтардың топырағы сазды келеді.
Өсімдіктері нашар дамыған. Тақыр шөлдерге өзендердің ескі атырауындағы жерлер жатады. оның жиектерінде ғана әрегідік өскен күйреуіктер мен жыңғылдар көзге түседі. Олардың тұқымдары мен жемістерін тақырға жел айдап әкеледі. Олар көктемде өніп шыққанымен ,өз дамуын аяқтай алмай қура

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: