Шерхан Мұртаза "Интернат наны»

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ашық сабақ
Тақырыбы: Шерхан Мұртаза
«Интернат наны»


Пән:Әдебиеттік оқу
Сынып: 3

Өткізген:Рахметова Д. И.
2014 - 2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Интернат наны»

Мақсаты:
1. Білімділік: Шерхан Мұртазаның өмірі туралы мағлұмат беру. Мәтіннің мазмұнын ашу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, өз ойларын еркін
айтуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды батылдыққа, алғырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі : жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру ,сұрақ – жауап, тізбектеп оқу ,топтастыру стратегиясы, болжау, талдау, жинақтау. (СТО жобасы)
Сабақтың көрнекілігі: Шерхан Мұртазаның,Жамбыл Жабаев,Сүйінбай Аронұлының портреті.
Сабақтың құрылымы:
І. Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңбері : Бір – бірімізге мына күннің
Нұры мен жылулығын
Ұсына отыырыып жылы
Тілектерді білдіреміз.
II. Мағынаны тану
III. Ой толғаныс
Үй тапсырмасын тексеру
Жамбыл Жабаевтың «Менің өмірім » мәтіні туралы әңгімелеу. Жамбыл Жабаев 100 жыл жасаған ақын, жыршы және айтскер ақын болған. Ол 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбылдың әкесі қарапайым ,мал бағатын кедей шопан болған. Ол 10 жасынан өлең –жырға бейім ,12-13 жасынан бастап әкесінің інісінен домбыра үйренген. Кішкентай кезінен бастап ән айтп ,домбыра тартуға құмартады. Ұстазы Сүйінбайдан бата алған. Бірнеше жыл Сүйінбайдың қасында жүріп ,оның уырп салмалық мектебінен тәлім –тәрбие алып үйренген.
«Мен саған , сен маған» ойыны.
1. Жамбыл Жабаев қай жерде , қай жылы дүниеге келген?
2. »Жамбыл » есімінің қойылу себебі неде?
3. Жамбыл өз туған жерін қалай сипаттайды?
4. Әкесінен қай кезден бастап айырылады?

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: