Шаңырағым шаттығым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: "Шаңырағым - шаттығым"
Сабақтың мақсаты: Отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата - ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ортасына, отбасына деген мейірімділік сезімін ояту. Ата - ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру.
Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікір-талас, топқа бөлу, ой толғау
Пән-аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, музыка
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, сабақтың тақырыбы мен слайд, т. б.

Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге
Алақанға ұрайық.
Жылулық шеңбері. "Еркелету" (Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту).

I. Ой қозғау.
- Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер - бұл әлемдегі мейірімділік пен жақсылықты білдіреді. Шеңбер арқылы - бір - бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылулық тілейміз.
Жылжи берші кезім емес жасқанар
Бөгей алмас білім атты тас қамал
Отанның аяулысы боларсың
Отан деген отбасынан басталар-деп аталарымыз текке жырламаса керек?!
Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие - отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. "Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді" демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз "Шаңырағым - шаттығым" тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастап өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: