Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі
Тақырыбы:
"ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ"
Дайындаған: Жанділда Ақмарал
Бастауыш сынып мұғалімі
"ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ"
Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да - мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға ұстаз екені де баршаға белгілі.
К. Д. Ушинский пікірін П. Ф. Каптерев одан әрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл - мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан - оқушының өзіндік ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі процестерін зерттеуді бірінші орынға қойды. Ең маңыздысы, бұл процестерге жағымды жағдайлар жасау дейді.
Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы. Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы. Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс - тәсілдеріне:
а) оқыту әдісі - бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;
ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. "Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі".
Тәуелсіз елдің тірегі - білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі - білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы - бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оны
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>