Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім саласы: таным, шығармашылық.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Апта тақырыбы:
Тақырыбы: " Шаршы. Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта ".
Мақсаты: таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру.
Сөздікпен жұмыс: Шаршы.
Іс-әрекет кезеңі:
Тәрбиешінің іс-әрекеті:
Баланың іс-әркеті:
Мотивациялық қызығушылықты ояту:
Шаттық шеңбері
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттық баласы -
Достығымыз жарасқан.
шеңберге тұрып бәрі бірге айтады.
Ұйымдасқан - ізденушілік:
Аюдың өкірген даусы жазылған дискіні қояды. Балаларды қызықтырып, олардан:
"Бұл өкіріп жатқан не?" - деп сұрайды.
-Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік.
-Балалар, аю бізге геометриялық фигура - шаршыны ала келіпті.
Аю:
-Балалар, сендер қандай геометриялық фигураларды білесңдер?
-Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме? Мен сендерге шаршы ала келдім. Жұмыс дәптерлеріңді ашып, тура осындай фигураның суретін табыңдар.
"Шаршыны бастырып сыз" ойыны.
Жаңа геометриялық фигураны - шаршыны қарастыруларын сұрайды.
Сөздік жұмыс: шаршы.
Билингвальді компонент: шаршы-квадрат.
Балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды тапсырады. Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен, ал кішкентай шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып сызып шығу керектігін айтады.
Сұрақтар:
-Балалар, қай шаршыны қызыл түспен бастырып сызыңдар?
-Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сызыңдар?
-Сендер бастырып сызған геометриялық фигура қалай аталады?
Жек
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>