Білім беру саласы: "Коммуникация"
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. 
Тақырыбы: "Шанамен сырғанаймыз" (әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Балаларға шанамен сырғанап, аққала жасайтын көңілді қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру. 
Міндеттері:
БМ:Балалардың қыс қызығы туралы ұғымын кеңейту негізінде сөйлем құрау қабілеттерін жетілдіру. 
ДМ: Тақырыпқа сәйкес жұмбақ шешкізіп, зейіндерін дамыту. 
ТМ: Балаларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу. 
Қолданылатын құралдар: Қыс мезгілінде ойнап жүрген балалардың суреттері. 
Сөздік жұмыс: Шана, сырғанақ,аққала. 
Қостілділік компонент: Қыс- зима-winter, шана - санки-sled,аққала-снеговик-snowman. 
 Қызметтің
 кезеңдері
 Тәрбиешінің іс-әрекеті
 Балалардың іс-әрекеті
 Мотивациялық-
 қозғаушылық
Балалар дөңгеленіп тұрып,бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтады. 
Жұмбақ шешу
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. 
Ол не?
Шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне тілектерін білдіреді. 
Жұбақтың шешуін табады. (Қар)
Ұйымдастырушы- 
 лық - ізденістік
Әңгіме жүргізу. 
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Ал сендерге қыс ұнай ма?
-Қыс несімен ұнайды?
-Қыста боран соғады, аяз болады. 
Балалар, қыс мезгілі көңілді,бәріміз
сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз. 
(Есік тықылдатып аққала келеді)
-Қараңдаршы балалар, бүгін бізге қонаққа аққала келіпті. Аққала бізге құр келмепті,қыс мезгіліне арналған көпте- ген суреттер мен тақпақ ала келіпті. 
-Қане ,балалар олай болса аққаланың әкелген тақпағын сендерге оқып берейін. 
Біз тебеміз сырғанақ ,
Таудан төмен сырғанап. 
Бір шанада екеуміз,
Құламайды екенбіз. 
Тақтаға суреттерді іліп,сұрақ қою арқылы әңгіме құрастырады. 
 Балала
		Страницы: 1 | 2 > >>
