Шалқан

Страницы: 1 | 2  >  >>

Ертегілер әлемінде:
"Шалқан" орыс халық ертегісі
Тақырыбы: "Шалқан"
Мақсаты:
Білімділік: "Шалқан" ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.
Дамытушылық: "Шалқан" ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой - қиялын дамыту.
Тәрбиелік: "Шалқан" ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Көрнекіліктер: "Шалқан" ертегісінің кейіпкерлерінің костюмдері, көкөністер.
Түрі: Көрініс, ертегі
Алғы сөз:
Құрметті әріптестер және балалар! бүгінгі біздің балабақшамызда өткелі отырған "Ертегілер елінде" атты апталығымызда "Ересек" тобының ертегілер еліне қош келдіңіздер. Бүгінгі сахналайтын ертегіміз "Шалқан" ертегісі. "Шалқан" ертегісі орыс халық ертегісі, балалар.
Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар, олар:
1. Қиял - ғажайып ертегісі.
2. Шыншыл ертегі.
3. Жан - жануарлар туралы ертегі.
4. Тұрмыс - салт ертегісі, болып бөлінеді екен. Ал, осы, "Шалқан" ертегісі балалар, тұрмыс - салт туралы ертегі екен.
"Шалқан" орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс. Шалқанның түсі ақ немесе сары болады екен. Шалқанның құрамында ағзамызға пайдалы көптеген дәрумендер бар. Емдік қасиеті де бар.
Ендеше, апайлар және балалар, мен сіздері, осы "Шалқан" ертегісін "Естиярлар" тобының балаларының сахналағанын көріп - тамашалауды ұсынамын.
"Шалқан" ертегісінің сахналық қойылымын тамашалаңыздар.
Ролдерде ойнағандар:
1. Автор: Нигметова Айнур
2. Автор: Айсабаева Айткуль
3. Шалқан: Полина
4. Атай: Илья
5. Әжей: Саида
6. Немере қызы: Анеля
7. Күшік: Дамир

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: