8. Мысық: Маша
9. Тышқан: Катя
Баяғыда бір үйде,
Шал мен кемпір болыпты.
Тірліктеріне өмірде,
Көңілдері толыпты.
Бір күні шал аулаға,
Шалқан дәнін егіпті.
Шалқан қашан піскенше,
Маңдай терін төгіпті
Шалқан әбден піскесін,
Шал келеді жұлуға.
Арлы - берлі тартқылап,
Жұла алмасын біледі.
Шақырады көмекке,
Үйде жүрген кемпірін.
Екеуі жұлып ала алмай
Шаршап қалды ентігіп,
Шақырады тағы да,
Немересін үйдегі
Үшеулеп жүріп тартса да
Шықпайды шалқан түйнегі
Үшеуі жүріп ойланып,
Шақырады күшігін,
Жабылғанмен қолға алып.
Жетпестерін білді күшінінң.
Төртеуі тартып ары - бері,
Шаршады, әбден терледі.
Мысығы келді көмекке,
Онда да әлдері келмеді.
Не істеу керек деп,
Отырып бәрі ойланды.
Көмекке енді келетін,
Үйде енді кім қалды.
Үйлерінде тышқаннан,
Басқа ешкім жоқ еді.
Шақырғасын тышқанды,
Көмекке ол да келеді.
Шалы барып шалқанның,
Сабағынан ұстайды,
Бір - біріне жалғасып,
Күштерін жиып нықтайды.
Жабылып бәрі тартады,
Күштері енді артады,
Бірлесіп тартып қалады,
Шалқанды жұлып алады.
Бірге:
Көрдіңдер ме, балалар,
Ауызбіршіліктің не екенін.
"Жұмыла көтерсе жүк жеңіл".
Мақсатыңа жетерсің.
Ән: "Ертегілер"
Страницы: << < 1 | 2