нің көзі тиді екен" деп егіледі. Арада тағы ай өтеді. Барыс атты ұлы дүниеден кетеді. Сонда шал тағы да үшінші ішек тағып "Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен" деп жоқтайды.
- Табыс атты ұлы өлгенде "Нені айтып, кімді ғана қайғырайын" - дейді.
- Жатыс атты аштықтан өлгенде "Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың" - деп бесінші ішекті тағып егіледі.
- Шығыс ұлы қайтыс болады. Алтыншы ішек тағылып "Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын" - деп егіледі.
- Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда "Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын" - деп жетінші ішекті тағып, шал қайғырып жоқтау айтады.
- Міне, осылай жеті ішек, жеті тиек тағылған ағаштан "Жетіген аспабы" пайда болыпты.
ІҮ. Ой қозғау.
- Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді? - Септік шал
- Ілік қайтыс болғанда шал не деді? - неның зияны, кімнің көзі тиді екен деді.
- Барыс қайтыс болғанда шал не деді? - кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен? - деді.
- Табыс өлгенде не деді? - нені айтып, кімді ғана қарғайын деді.
- Жатыс ұлы өлгенде не деді? - кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың? - деді.
- Шығыс қайтыс болғанда не деді? - неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын? - деді.
- Көмектес ұлы қайтыс болғанда шаш не деді? - кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын? - деді.
Ү. Сұрақтар сыры. Әнші, жетіген.
Не ? - Жетіген
Ненің ? - жетігеннің
Неге ? - жетігенге
Нені ? - жетігенді
Неде ? - жетігенде
Неден ? - жетігеннен
Немен ? - жетігенмен
Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес - өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>