"Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі
шағын орталығымен" КММ-нің
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Омаржанова Ақмарал
Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің септелуі
Білімділік : Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік
жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын
меңгерту.
Дамытушылық : Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте
сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге,
жылдамдыққа, ұқыпты таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері : Топпен жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекіліктері : Септіктер кестесі, суреттер, "Жетіген" музыкалық
аспабы.
Пәнаралық байланыс : Ән - әуен, математика, сурет, ана тілі
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аудару.
Ә) Топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
"Орнын тап" ойыны
Кесте толтыру слайд
Заттар, нәрселер
Өсімдіктер, жемістер
Жануарлар
Адам
Табиғат құбылыстары
Парта,
терезе, орындық, дәптер
Жусан, қарақат,
өрік, бүлдірген
Қоян,
түлкі,
барыс, арыстан
Дәрігер, мұғалім, зергер,
тігінші
Найзағай,
жел,
дауыл, жаңбыр
Керекті сөздер : Терезе, қарақат, түлкі, мұғалім, жел, орындық, өрік, барыс,
зергер, дауыл, дәптер, бүлдірген, арыстан, тігінші, жаңбыр.
Балалар, осы кестенің әрбір бөлігіндегі сөздерге сұрақ қойып көрейік.
Не байқадыңдар?
Қандай қорытынды жасауға болады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Көбейту кестесі слайд
2
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>