Сабақтың тақырыбы: Сенім - менің серігім
Мақсаты: оқушылардың бір-біріне деген сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: "сенім" ұғымының мән-мағынасын ашу; өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту; өзіне, өзгеге және қоғамға сенім білдіруге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: кітап, дәптер, әртүрлі суреттер.
Техникалық құралдар: магнитофон, аудио кассета.
Шаттық шеңбері
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырып, шаттық шеңберге шақыру. Жеңіл әуенді, көңілді ән қосылады да, балалар өздерінің ең жақын, әрі сенімді досын биге шақырады. Би аяқталған соң, мұғалім шеңберде тұрып, Ә. Табылдиевтің өлеңімен таныстырады.
Сенім
Ә. Табылдиев
Еңбек етсем, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Достық іспен қасты да
Жеңеріме сенемін!
Ақыл сана білім мен
Өнеріме сенемін!
Арым таза, ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін!
"Ойланайық, әңгімелесейік"
Шаттық шеңберінде таныс болған жаңа ұғым "сенім" туралы оқушылар өз ойларын, түсініктерін ортаға салу мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап алу және сабақтың тақырыбы бойынша бастапқы білімдерін анықтау.
Сенім деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың ?
Қандай адам сенімге ие болады ?
Адамдардың барлығына сене беруге бола ма ?
Анара: Сенім деген біреуге сенім арту , сенім артқан адамың сол істі уақытында орындау керек.
Әсет: жауапкершілікті сезіну керек.
Диана: тәртіпті, ұқыпты, өз ісіне нақты көңіл аударатын, тапсырған затты уақытында орындайтын.
Сара: Еріншек, жалқау,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>