өзіне-өзі сенбейтін адамдарға сенуге болмайды.
Сабақ әрі қарай "Тыныштық сәті" релаксация тәсілін өткізумен жалғасады.
Оқушылар терең тыныс алып, көз алдарына достарымен бірге болған қызықты күндерді елестетеді. Жеңіл әуен ойналып тұрады. Олар өздерінің кімге сенуге болады, кімге сенуге болмайтындығын сезінеді.
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың ойларын бекіту мақсатында М. Гумеровтің ізімен "Сенім" мәтінін кезекпен - кезек оқушылар оқып шығу.
"Сенім" М. Гумеровтің ізімен
Әуежай үйіне кірген сәтте Кәрімді бір қартаң кісі тоқтатты. Баланың бас-аяғына көз жүгіртті де, ентіге сөйледі.
- Қай жаққа ұшпақ едің, қарағым ?
- Мен ұшпаймын, ата.
- Е, ендеше неге келдің ?
- Жай, ұшақтардың самғағанын көрейін деп.
- Ендеше, балам, мына заттарды қарай тұр. Билет жайын біліп келейін, - деді де, әлгі кісі касса жаққа беттеді.
Сәлден кейін Кәрімнің қасына әлгі жолаушыға ілесіп кеткен бір кісі келді. Үсті-басы алқам-салқам.
Жан-жағына жалтақтай қарап, ақырын сөйлей бастады. Оның айтуынша қария мына танысына жүгін әкелуді тапсырыпты. Кәрімнің күдіктенбеске амалы қалмады.
- Тірі жанға ұстатпа деген. Тимеңіз! - деді Кәрім.
Әлгі кісі:
- Жарайды онда, өзіне айтайын, - деді де, жайына кетті.
Бір кезде әлгі қарт жолаушы келді. Қолында билеті бар. Кәрім оған жаңағы оқиғаны айтып берді.
Қой, ешкімге заттарымды әкел дегем жоқ,- деді жолаушы.
Рахмет, айналайын! Мың да бір рахмет ! . . .
Кәрім ұшақтардың самғағанын тамашалай алмағанына өкінген жоқ.
Сұрақтар:
Қарттың балаға өз жүктерін тапсырып кетуінің себебі неде ?
Бала қарттың сенімін қалай ақтайды ?
Дәптермен жұмыс.
"Мен өзіме сенемін" атты эссе жазу үйге тапсырылады.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>