Сен де бір кірпіш дүниеге

Страницы: <<  <  70 | 71 | 72 | 73 | 74  >  >>

та - ананың мәселелері балаларын мазалайды" дедің.
- Күндердің күні "анаң" о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді.
Ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін "жәннат есіктерінің" бірі жабылатындығын ұмытпа. Анаңды еш уақытта жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық жаса. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Еш уақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан "жүрегін" жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма. Сенің жалғыз ғана "анаң" бар!
Үй тапсырмасын тексеру
3. Әңгiмелеу (сұхбат).
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Ана өмір тірегі дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ананың қоғамдағы, отбасындағы орны туралы не айтар едіңдер?
Ж. Дәулетбектің "Ана - өмір тірегі" атты әңгімесін оқыңдар.
4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
"Әлемді тербеткен мейірім" тақырыбында шығарма жазыңдар.
Қазір "Менің күнім" атты энерджайзер өткіземін.
Алдарыңызда жатқан параққа күннің суретін салып, жан - жағына шуақтарын салыңдар. Дәл ортасына "менің анам" деп жазып, сипаттап беріңдер.

Жалғасын тап.
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер? Осы сұрақ жөнінде өз ойларыңды ортаға салсаңыздар.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім, - дейді.
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.
Ал кенже баласы былай депті:
:: Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлг

Страницы: <<  <  70 | 71 | 72 | 73 | 74  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: