Сен де бір кірпіш дүниеге

Страницы: <<  <  54 | 55 | 56 | 57 | 58  >  >>

оған тәуелді"
Дәптерлеріне жазып алады.
Әңгімелеу (сұхбат)
Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде барша адамзатты толғандырып отыр?
Жер бетіндегі табиғи апаттардың етек алып кету себебі неде?
Табиғатты сақтап қорғау не үшін қажет?
Мұғалім сыйы "Қазақстан экологиясы" атты бейнетаспаны қарап талқылау.
Біздің әрқайсысымыз қандай үлес қоса аламыз?
Бұл бейнетаспаны көре отырып қандай ой түйдік?
Жаңа ақпарат
"Адам баласы жаратылысынан табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.
Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өзін-өзі құртып алуы мүмкін. "Табиғат тазалығы- адамзат амандығы" екенін естен шығармау керек.
Адамзаттың басты міндеті - табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу".
Өз ойларын ортаға салады.
Шығармашылық жұмыс,
Тапсырма.
Оқушылар тапсырма бойынша ұсынылған мәтінмен танысып , "Табиғат - біздің анамыз, Біз - табиғатқа панамыз!" деген тақырыпта пікірталас өткізу.
Табиғат обырлықты, озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігіңнің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр- сыйпатын түсіне білуге әрекет жасап көрші, не ұғынар екенсің?
Адам - табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында армай- талмай, жалықпай еңбек ету- барлық үлкен- кішінің абыройлы борышы

Страницы: <<  <  54 | 55 | 56 | 57 | 58  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: