Сен де бір кірпіш дүниеге

Страницы: <<  <  50 | 51 | 52 | 53 | 54  >  >>

рмызы қызғалдақтар құлпыратын. Екі ортадағы жайма жазық шұрайлы өңірді жара сылдырай аққан тау өзенін бойлап үркердей ғана біздің ауыл жатар еді.
Бірде, тіпті, тым ерте тұрып кетіппіз. Біз Төбеби басына жеткенде, шығыстағы биік тау шатқалдарынан күн жаңа көтеріліп келе жатты.
Балалар, әне қараңдар, күн шығып келеді, - деп мәз бола жар салды Жұпар.
Күннің шығуын жаңа көріп, жаңа байқағандай, бәріміз де жалт-жалт қарастық.
Алдымен тау кемерлерінен жарқырата шұғыла шашып, одан кейін бірте-бірте толықси көтерілген кербез күн сұлулығы, шынында да кімді болсын, таңғажайып керемет бір әсерге бөлегендей еді.
Бір сәт бәріміз де үнсіз қалт тұра қалыппыз.
Қандай әдемі, жүріңдерші, күннің шыққанын тағы да көрелік! - деді Жұпар балғын жүзі алаулап. Сөйтті де, "қалай көреміз?" - деп ақтарыла үйірілген бізді бастап төмен құлдилады. Сол сәт ешнәрсенің байыбына жете түсінбесек те, оның соңынан жарыса біз де жүгірдік.
Төбебидің орта тұсындағы жазық әлі қаракөлеңке еді.
Құлдырап біз жеткенде дүр көтеріліп, алғашқы күн шапағын енді-енді қарсы алып, құшып сүйе бастады. . .
Одан кейін тағы да төмен түстік. Етекте тұрып, күн нұрын үшінші рет қарсы алдық. Үшінші рет тау жиегінен алтын арайдың алғашқы шуағына шомылып, кәусар сұлулығын тамашаладық. Ойламаған жерден өзіміз ашқан жаңалыққа өртене қуанып, қайта өрге ұмтылдық. . .
Тау басына алғаш жеткен Жұпар болды. Екі өкпемізді қолға алып, жүрегіміз аузымызға тығыла біз де жеттік.
- Қараңдар, күн биіктеп кетіпті.
- Күн емес біз биікке шықтық!
- Жоқ, биікке күн көтерілді.
- Айтасың-ау, таудың басына біз шықтық емес пе?
- Таласпаңдар, күнмен бірге біз де биікке көтерілдік, - деді үнемі бәрімізді тыңдап барып сөзін нығарлап айтатын Төкен.
Онымен енді ешкім таласқ

Страницы: <<  <  50 | 51 | 52 | 53 | 54  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: