ылық сезімдеріндамыту;
3. Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу.
1. Ұйымдастыру сәті
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Дәйек сөз.
"Сүйіспеншілік - баға жетпес байлық"
Лев Толстой (1828-1910)
Неліктен сүйіспеншілік баға жетпес байлық болып саналады?
2-ұлға,2-қызға оқыту. Бәріміз бірге қайталау. Дәптерге жазып алу.
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.
Аққулы мекен
(Үзінді)
Ы. Кененбаев
. . . Көктем туа масатыдай құлпырып жайнап шыға келген айналаңа көз тоймайды. Шығысында қалың қарағайлы сыңсыған тау шатқалдарының қүзар басынан жыл он екі ай бойы қар кетпейтін. Ал сол заңғар биіктен төгіліп түсіп, оңтүстікті ала көкорай кең шатқалды қалқалай қоршап келіп, оған қасқая қарсы түра қалған екінші тау беткейінде қы
Страницы: << < 49 | 50 | 51 | 52 | 53 > >>