Сен де бір кірпіш дүниеге

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

аутотренинг жасайды.
Оқушылар үнсіз тыңдауына не қосылуына да болады
2. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен оқу жылының соңында оқушыларға берген "Менің жазғы демалысым" тақырыбына эссе жазуға берілген. Соны тексеріп өз еріктерімен топтың ішінен 4-5 оқушының жұмысын тыңдау.
"Ойланайық, пікірлесейік" айдары бойынша төмендегідей сұрақтар қойылады: (Слайд-3)
Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?
Жазғы демалыста қандай ізгі істер жасадыңдар?
Жақын тұтатын адамдарыңды біраз уақыт көрмесеңдер қандай күйде боласыңдар
Жазғы тапсырманы орындаған оқушылар жазған эссесін оқиды. Ең ұнаған эссені өздері бағалайды. Бағалау критерийі эссенің мазмұнына, жеткізіуі мен елең етіп қызықтырған жерлерін ескеру.
Ойланайық, пікірлесейік айдары бойынша сұрақтарды ескере отырып ойларын жеткізуге тырысу.
3. Дәйексөз Мәнін ашу
"Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ" АБАЙ
Дәйексөздің мәнін ашуға және "Менің қойын дәптерім" деген шығармашылық жұмысқа өз еріктерімен дәптер бастауды ұсынамын.
Менің қойын дәптерім деген шығармашылық жұмыс дәптерлеріне дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендіктерін жазады.
4. Мәтінмен жұмыс
"Оқып үйренейік" айдары бойынша К. Сегізбаевтың "Өсіп-өнген ағаштар" әңгімесін оқып, талдау
15 минут
К. Сегізбаевтың "Өсіп-өнген ағаштар" әңгімесін оқып, талдаймыз. Төмендегідей өсу, даму, жетілу, қайырымды жан, асыл нәрсе, ізгі іс сөз тіркестерінің мағынасын ашу көзделеді. Оқушыларға сұрақтар:
Адамның өсіп-жетілуінің басқа тіршілік иелерінен өзгешелігі неде?
Адамның жан дүниесіне қандай қасиеттер сәуле береді?
Адам руханилығына қалай қол жеткізеді деп ойлайсың?
ӨӨТ мен биологияның (өсімдіктану) байланысын ескеріп бір-

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: