Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пән мұғалімі: Итжанов М. С.
Сыныбы: 10 "А" Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы
Білімділік: Сегіз сері туралы білімдерін кеңейту. Оның жан - жақты қасиеттерін дамыту. Шығармашылығын меңгеру, көркемдік ерекшеліктерін таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың Сегіз сері туралы білімдерін шығармашылыққа, зерттеушілікке ұштастыру, жинақтау, қосымша деректерді тиімді пайдалануға, өз ойларын жеткізуге ой - ұшқырлығына баулу. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, тұжырымды ой айтуға баулу, өз бетімен ізденуге үйрету.
Тәрбиелік: Сегіз сері туындыларының халықтық шығармаға айналғандығын дәлелдеу арқылы "Өнер - өшпес қазына" екендігіне көз жеткізу, эстетикалық тәрбие беру, пайым - парасатын кеңейту, халық өнерпаздарын бағалауға, ұлттық өнерді қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдістері:
Оқыту әдісі - іздену, сабақ өту әдісі - қозғау салу, оқу әдісі-ізденіс,.
Сабақтың жабдықталуы: оқулық, қосымша материал (газет - журнал материалы), интерактивті тақта, қағидалар, ән мен күй жазылған дискет
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Өткен материалды қайталау.
ІІІ Жаңа сабақ. Мағынаны ашу:
Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен шығармашылығы
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов
- серілерге тән қасиеттер
- Сегіз - сері.
2. Өмірі мен шығармашылығы
Реті
Сегіз серінің өмірі мен шығармашылығы
1. Сегізі - сері. Сегіз оның есімі емес, есімі - Мұхамедқанапия. Басқа серіден айырмашылығы - халық оның өнерін бағалап, Сегіз сері атандырған, Сегіз бірнеше кісі емес, бір кісі, яғни Мұха-медқанафия Баһрамұлының 8 түрлі өнеріне байланысты

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: