халық берген атау "Сегіз қырлы, бір сырлы" дегеннен шыққан. Атасы Қожаберген жырау - Толыбай Сыншыұлы.
2. Тоғыз жасқа толмай жатып Мұхамедқанапия әке-шешесінен айырылады. Содан ұлы атасы - сол өңірге әйгілі, жан-жақты білімді Шақшақ шешеннің бауырында тәрбиеленеді. Немересінің ертеңгі күніне көп алаңдаған атасы оны сол кезде ел ішіне сіңісті болған өнер атауларының бәріне үйретеді.
3. Сегіздің әкесі Баһрам батырдың арғы атасы Толыбай сыншының атақ-даңқы бүкіл қазақ сахарасына кең тараған. Толыбай сыншыдан артқы ұрпағына мұра болып қалған егіншілік, құсбегілік, емшілік, атбегілік, қолөнер мен аңшылықтың өзі де аз өнер емес. Соған қарамастан Баһрамнан бастап бұл әулетке батырлық пен балуандық және ақын- әншілік өнері дарып, тамыр жая бастайды. Кішкентайынан епті де қайратты, әр нәрсеге қызыққыш, талапшыл болып өсіп келе жатқан Сегіздің арнасы қалыптасқан бұл жолдан шығып кетпеуі заңды нәрсе болатын.
4. Сегіз сері есімі - еліміз тәуелсіздік алғанша, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, Т. Нұртазин, Ш. Сәтбаева еңбектерінде сөз болған.
5. Алғаш ақынның есімі мен мұрасын еске түсіріп қозғау салған әйгілі жазушы Ғ. Мүсірепов өзі-нің "Ұлпан" атты романында Сегіз сері туралы былай деп жазады: "Бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердің аты шулы ақын- әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоқжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын, т. 6. Б. Бәрі де атақты - Сегіз сері ақынның мұрагерлері", - делінген.
Сегіз сері өлеңдері негізінен махаббат лирикасына жатады. Мәселен, 1. "Ақбақай", 2. "Ақ ерке", 3. "Алқоңыр",4. "Әйкен - ай", 5. "Боз шұбар", 6. "Гауһартас", 7. "Ғайни", 8. "Жы-лой",9. "Еңлік - ай" (Илигай), 10. "Көкем - ай&qu
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>