Scientific technological progress

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын. . . Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын. . . Нұр менің ішімде. . . Мен Нұрмын".
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз. . .
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
1. Үй тапсырмасын тексеру
9 М. Мақатаевтің өлеңін жаттау. 40 бет
Сұрақтар:
Реніштің тууына не себепші болады?
Күндестік достыққа ұласа ма?
Өкпе, ренішті сақтаған адамның денсаулығы қандай болады?
"Өзіңе тілемегенді, өзгеге тілеме" осы сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?
Сені ренжеткен адамдарың болды ма, оған қандай кешіріммен қарадың?
Сабақ барысын талдау:
1. Дәйексөз.
"Кешіре білген сайын абыройың арта түседі"
Публилий Сир
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)

1. Әңгiмелеу Құм мен тас
Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: "Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді".
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кезд

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: