Сценарии родительских собраний

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ата-аналар жиналысының жоспары
Мектеп "45 бейімделген орта мектебі" КММ Сынып: 3 "А","Б", "В","Г"
Мерзімі:25. 11. 2015 Ата-аналар саны : 60
Мұғалім: Бапаева Д. Д
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі.
Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі "Өзін-өзі тану" рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының педогогикалық және психологиялық негізнің маңыздылығы жайлы мағлұмат беру арқылы, қыз бала мен ұл бала тәрбиесіндегі рөлі жайлы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін ескеру арқылы, білім берудегі рухани адамгершіліктің маңыздылығы жайлы білімдерін кеңейту;
2. Ата-анаға жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығының маңыздылығын түснідіру және тәрбиелеуші ретінде қызығушылықтарын дамыту;
3. Баламен дұрыс тіл табысу, өз-өзін ұстау, сөйлеу мәдениетін үнемі қадағалауға ой салу.



Ресурстары:(слайд, бейнежазба,А4, түсті маркер)



Жоспар

1. "Өзін-өзі тану" рухани адамгершілік білім берудегі бағдарламасының педагогакалық- психологиялық негіздері.
2. "Өзін-өзі тану" рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негізі.
3. Балаларды тәрбиелеуде ата-ананың рөлі. (қыздардың тәрбиесі, ұлдардың тәрбиесі).
Барысы: Ұйымдастыру кезеңi.
Кіріспе сөз
Мұғалім: - Қайырлы кеш құрметті ата-аналар! Кезекті ата-аналар жиналысына кош келдіңіздер! Сонымен бүгінгі күнге жоспарланып өткізілетін жиналысымыз өздеріңіз байқағандай әдеттегіден сәл өзгеше түрде өтпек.
Сіздер үшін бейтаныс емес мектеп бағдарламасында "Өзін-өзі тану" пәні даярлық тобынан бастап 11 сыныпқа дейін өткізілуде.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: