Сұқбаттасу мәдениеті

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>


Тіпті сапар сәтті болсын мен жолың болсын дегеннің өзінде елеулі айырма бар. Сәлемдесу, қоштасуға байланысты сөздер қазақ тілінде мол болғанымен, олардың әрқайсысының жұмсалу аясы , қолданылатын орны бар екен. Сөйлеу мәдениетіне ысылған адам ондай ерекшеліктерді аңғара отырып , олардың жігін тауып қолданады.
Сөйлеу этикетіне жататын эмоцияға , экспрессияға бай сөздер тобы-құттықтауға қатысты сөздер. Қазіргі өмірімізде қуаныш жекелеген адамдарға ғана емес, оның ортаға қатысы бар. Қызметтес адамның қуанышты жүзі айналасын жақсы әсерге бөлеп , көңілін көтереді. Ондай адамның қуанышына әрдайым ортақтасып,адамдар ықылас тілегін білдіреді. Әсіресе , жасы үлкен кісілер үйленген жастарға "Қосағыңмен қоса ағар!", "Босағаң берік, шаңырағың биік болсын!", "Қадамдарыңа гүл бітсін!", "Нұр жаусын!"деп ақ тілеу , адал ниеттерін білдіріп жатады. Шын көңілден шыққан сөз жүрек тебірентеді.
Құттықтау сөздер экспрессия, эмоцияға бай болса , сөздің де әсерлі болатыны белгілі. Кейде сөздің қолдану аясын саралай білмесек , ондай әсерді әлсіретіп аламыз . Мәселен, өзіңіз қадірлейтін қарияны: "Еңбек демалысына шығуыңызбен !" деп құттықтамас едіңіз. Себебі , мұндай сөз орамының көбіне ресми стильде, ісқағаздар тілінде қолданылатынын сезінесіз. Сөзіңіз бейтарап шықпас үшін "Құрметті демалысыңыз құтты болсын!" тәрізді еркін сөз орамдарының бірін талғайсыз. Бұл- өте орынды талап. Өйткені , құттықтау сөзіне аса қажет эмоция,
экспрессияға сөз тосын, құлаққа салқындау естілуі мүмкін.


"Дұрысын тап" әдісі
1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
1. Денсаулығыңыз мықты болсын
2. "Сапарыңыз сәтті болсын" деген сөз қай кезде айтылады?
3. Ас - адамның арқауы
4. А

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: