Ортаңғы «Жидек» топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс әрекеті бойынша технологиялық картасы
Күні: 7. 04. 2014 ж
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлігі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Саңырауқұлақ алаңқайы» /ұжымдық жұмыс/
Мақсаты: Саңырауқұлақтарды құрастыру әдісімен мүсіндеуді үйрету. Ұжымдық жұмысты жасауды үйрету. Жасаған жұмысқа қанағаттану сезімін,өз жолдастарына көмек беруге ықыласты болуға тәрбиелеу
Билингвальдық компонент:
Саңырауқұлақтар-грибы
Жаңбыр-дождик
Ақ-белый
Қызыл-красный
Көктем-весна
Іс -әрекет кезеңіТәрбиешінің қызметіБалалардың іс - әрекеті
І кезең- мотивациялық- қозғаушы Балалар шеңберде отырып, сұрақ-жауап әдісін жүргізу
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде қандай табиғат құбылыстары бар?Балалар шеңберге отырады
Қазір жыл мезгілі –көктем
Көктемде құстар жылы жақтан ұшып келеді, жаңбыр жауады. Адамдар жеңіл киінеді
ІІ кезең-ұйымдастырушылық-
ізденушілік
-Сендер жаңбыр жауғанда не істейсіңдер? Ал жаңбыр қатты жауғанда не болады?
Ал мен жаңбырдан жасырынғысы келмейтін бір нәрсені білемін. Керісінше, ол жаңбырдың жауғанын күтеді, жаңбыр қатты жауған сайын ол үлкейе түседі.
Ол міне саңырауқұлақ, саңырауқұлақта қараңдаршы не бар?
Дұрыс, сол себепте жаңбыр оған қорқынышты емес. Құдды қолшатыр секілді. Саңырауқұлақтар үлкен отбасында бірігіп өседі: үлкен және кіші саңырауқұлақтар бірігіп, тұтас алаңқайды құрайды.
-Балалар саңырауқұлақ қайда өседі?
Ал сендер білесіңдер ма, саңырауқұлақтың жеуге жарамды және жарамсыз түрлері бар. Біз жеуге жарамды саңырауқұлақтарды жейміз. Ал орманда саңырауқұлақты кім тереді? Осы кірпі жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақты жеп қойып, ауырып қалыпты. Ендеше біз кірпіге көмектесеміз бе? Біз саңырауқұлақтар алаңқайын жасап, кірпіге көме
Страницы: 1 | 2 > >>