Саусақтарды жаттықтырамыз

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. 4 - 5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.
Өз тәжірибемде тәрбишілерге саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері үстінде үнемі пайдалануды ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.
Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен. Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т. б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.
Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.
Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.
Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.
Бір жастан асқан балала

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: