Күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: С с дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру. С с дыбысы және әрпімен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру.
Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, сергіту, қорыту.
Сөздік жұмыс: с дыбысы кездесетін сөздер.
Көрнекіліктер: Кеспе әріптер, суреттер, жұмбақтар, ұлттық киімдер мен бұйымдар. "Сауат ашу. Әліппе-дәптер".
Тілдің үш тұғырлығы:
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Жағымды
Жағымсыз
Мотивация-лық қозғаушы
Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі
І. "Тілек шеңбері"
-Санжар, мен саған жақсылық тілеймін!
-Алтынжан, мейірімді бол!
-Арайлым, мен саған денсаулық тілеймін!
-Балалар сендер бір - біріңмен доссыңдар ма?
Ендеше бір - біріңе достық тілектеріңді білдіріңдер.
ІІ. Қайталау:
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?
- Өткен дыбыстарды және Б дыбысын қайталау.
- Буындар: ба, бо, бу, би т. б.
- Сөз: бас, бақ, бал, бар, бай, бор, бер, бет т. б.
- Сөздерді буынға шапалақтау арқылы бөлгізу: бал-ға, ба-ла-пан, ба-нан.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Аптаның қай күні? (Сәрсенбі).
- Сәрсенбінің сәтті күні бүгін біз С дыбысымен танысамыз.
С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.
С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады.
С дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс.
Жұмбақ шешу.
Сақинаны, сандықты, Бастап тұрған қай әріп?
Сәукел
Страницы: 1 | 2 > >>