Жаратылыстану
Күні: 11 наурыз 2016ж
5 "а" класс
Ашық сабақтың тақырыбы:
Биосфера-тіршілік ортасы
Ғаламшардағы тіршілік 25. 124 бет
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Биосфера ұғымын қалыптастырып, тірі ағзалардың өмір сүру ортасы, ерекшелігі тіршіліктің пацда болуы, тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері туралы білім беру;
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, тіршілік туралы білімі мен ой-өрісін дамыту
Тәрбиелік: Табиғатты түсінуге, қорғауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
топпен жұмыс,психологиялық тренинг, постер қорғау, кестемен жұмыс, слайд презентация жасау, өзін-өзі бағалау, кері байланыс.
Күтілетін нәтиже:
биосферада тірі ағзалар мекендеп, белгелі бір ортада тіршілік ететіні туралы мағлұмат алады,
олардың өзіндік ерекшеліктерін, заңдылықтарын, қоршаған ортамен байланысы туралы
сөйлеу мәнері қалыптасады; топтық жұмыс арқылы кері байланысты
үйренеді
Керекті құрал- жабдықтар
слайд суреттері - плакаттар, интерактивті тақта, маркер, стикер,смайлик.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының әрекеті
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық
тренинг /3 мин/
"Күн сәулесін сыйла"
(бейнеролик арқылы)
Балалар, бүгін сіздермен әсем, жарық, әрі таза сыныпта кездескеніме өте қуаныштымын. Балалар қараңдаршы, Күн-ана өзінің мейірім шуағын төгіп, біздің жан-дүниемізге жарық сәулесін шашып тұр. Күн сәулесі біздің бетімізге, саусақтарымызға, алақанымызға мейірім шуағын төкті. Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, осы жүрек жылуымызды бір бірімізге сыйлайық.
Топқа бөлу: /1 мин/
"Флора","Фауна", "Нектон"
Топ ережесін құру:
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>