Санитарлық микробиология негіздері

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

нi, судағы тиiстi микроорганизмдердің дамуымен анықталады, яғни түрлi мөлшерде органикалық заттардың болуы қажет. Сапробтықтың шкаласы бойынша 3 аймақ ажыратылады:

1. полисапробты,

2. мезосапробты,

3. олигосапробты.
Полисапробты аймақтар (күштi ластанатын аймақтар) жеңіл ыдырайтын органикалық заттардың көп болуы, сол себепті жеңіл кабылданатын микроорганизмдер. Аймақтарда оттегі мүлдем болмайды. Микробтар түрлерінің көбінесе оттегіні қажетсінбейтін түрлері, саңырауқұлақтар, шiру және ашу үрдісін тудыратын актиномицеттер көптеп кездеседі. Судың 1 мл-дегі бактериялардың саны бұл аймақта миллионнан жетіп асады.

Мезосапробты аймақтар (қалыпты ластанған аймақ) тотықтырғыш процесстердi басымдылықпен, нитрификациялаумен сипатталады. Құрамында азоты бар қосындылары нитриттер және нитраттарға дейiн тотығып аммиакқа дейiн ыдырайды. Микроорганизмдердің жалпы саны 1 мл-ге жетеді. Сапалы құрамы әр түрлi. Нитриттейтiн бактериялардың саны басым болады.

Олигосапробты аймақтың (мөлдiр су аймағы) органикалық байланыстары және минерализация процессiнің аяқталуы және өздiгiнен тазаруы тоқтау процессімен сипатталады. Микрофлорасы қалыпты су флорасына жақындайды. Судың 1 мл-iнде бактериялар саны 10-нан 1000-ға дейiн болады. Су тазалығының жоғарғы дәрежесiмен ерекшеленедi.

Қорыта келгенде, су тоғандарындағы судың өздiгiнен тазару процесстерi кезінде биоценоздары бiртiндеп ауысып, ретпен және үздiксiз өтіп жатады.

Су тоғандарының өздiгiнен тазару процесстерi кезінде бірнеше факторлар қатар әсер етедi. Негiзгi факторлардың бiрi су тоғандарының мөлдiр суына лас суларды қосу болып табылады. Су тоғандарындағы бактериялардың көбеюiн анықтаудың шешушi факторына судың температурасы жатады.

Су тоғандарындағы өздiгiнен та

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: